Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ляззат Сүлеймен елорда әйелдерімен кездесті

19.09.2019 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Министрліктер үйінің жанына жиналған әйелдермен кездесті.

Олар сенаторға өздерінің проблемалары, атап айтқанда, тұрғын үй мәселесін шешуге, сондай-ақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуға байланысты проблемалары туралы айтып берді. Сенатор Ляззат Сүлеймен әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етіп, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаев берген тапсырмаларды орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Әрбір өтініш жеке қаралып, мемлекеттік органдармен нақты іс-қимылдарын қарау және қабылдау үшін жеткізілетін болады, сондай-ақ мен бақылауға аламын», - деді сенатор.

Бөлісу