Сенаторлармен Республикалық ғарыштық байланыс орталығының жұмысымен таныстық
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттарымен Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында көшпелі отырыс өткізіп, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұжымымен кездестік.
Қатысушылар шара барысында цифрлық теңсіздікті еңсеру, цифрлық қызметтерді экспорттау, қолданыстағы спутниктерді пайдалану, жерді қашықтықтан зондтау және басқа да мәселелерді талқылады.