XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығына орай дөңгелек үстел жұмысына қатыстым
Кездесуге қатысушылар Шарттың рухы мен қағидаттарына сәйкес екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өз кезегінде, біздің мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізіп отырғанын атап өттім. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей қатынастары барлық салаларда жоғары даму қарқынын паш етіп келеді.