Сенаторлармен Астана қаласындағы халықаралық әуежайда болдық
21.12.2023
252
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттарымен Астана қаласындағы халықаралық әуежайда болдық. Шекаралық бақылауды жетілдіру мәселесі кездесудің басты тақырыбы болыпды.
Әуежайға сапар барысында смарт дүңгіршек пен жолаушыларды ресімдеу барысы көрсетілді. Халықаралық рейстердің ұшу аймағының жұмысымен және құжаттарды тексеру рәсімімен, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды ресімдеу бөлімшесінің қызметімен таныстық.