Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Қатар үкіметімен инвестициялық ынтымақтастық туралы заңды мақұлдады

25.01.2024 0

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Құжат инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы тараптардың экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға арналған.

Бөлісу