Ресей Федерациясының президенттігіне сайлауға қатыстым
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының құрамында Ресей Федерациясы Президентінің сайлауын бақылауға қатыстым.
ТМД ПАА-ның байқаушылар миссиясы ең үлкен – 22 елден 60 мүше. Бұл топқа Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан парламентшілері кірді.
Ресейде президент сайлауы 17 наурызда өтті. Мемлекет басшысы лауазымына Орталық сайлау комиссиясы тіркеген төрт үміткер бар: Леонид Слуцкий, Николай Харитонов, Владислав Даванков және Владимир Путин.