Қазақстан мен Таиландтың парламентаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқыландық
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттарымен Таиланд Парламенті Сенатының Қарулы күштер және мемлекеттік қауіпсіздік комитетімен кездесу өткіздік.
Кездесу барысында Қазақстан мен Таиланд арасында сенімді саяси диалог орнағанын, берік сауда-экономикалық және мәдени байланыстар қалыптасқанын атап өтілді.
Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлін де талқыланды. Бұл алаң 2003 жылдан бастап қазіргі әлемнің өткір мәселелерін шешуде барлық елдердің рухани көшбасшыларының күш-жігерін біріктіру мен дінаралық диалогтың танылған тұғырнамасына айналғаны атап өтілді.