Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатыстым
Жиынға қатысушылармен әлемдегі геосаяси жағдайды талқылап, Таяу Шығыстағы ахуал ерекше алаңдаушылық туғызатынын атап өттік.
Кездесуге Қазақстан тарапымен қатар Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин, Беларусь Республикасының Ұлттық жиналысы Өкілдер Палатасының төрағасы Игорь Сергеенко, Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиев және Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали мен ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, ҰҚШҰ ПА Атқарушы хатшысы Сергей Поспелов қатысты.