Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелерi жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

27.06.2024 283

2024 жылғы 27 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында сотталған азаматтардан кешірім жасау туралы келіп түскен өтініштер қаралып, комиссия мүшелерінің де пікірлері тыңдалды. Әрбір өтініш барлық мән-жайлар мен ұсынылған материалдарды ескере отырып мұқият зерделенді.

Отырыс нәтижесінде түзелу және кінәсін түсінген бірқатар тұлғаларға рақымшылық жасау туралы шешім қабылданды. Бұл шешімдер Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелерi жөніндегі комиссия қылмыстық саясатты ізгілендіруге және адам құқықтарын қорғауға ұмтыла отырып, өтініштерді қарау және сотталғандарды әлеуметтік оңалту процесін қолдау бойынша жұмысын жалғастыруда.

Бөлісу