Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы нысандарында көшпелі отырыс

30.10.2024 262

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы нысандарында көшпелі отырыс өткіздік.

Атом энергетикасы, радиация және сейсмикалық қауіпсіздік салаларын зерттеуге арналған ерекше нысандармен және инфрақұрылыммен таныстық. Комитет мүшелеріне радионуклидтік және элементтік сараптама мен цитогенетикалық зерттеу зертханалық корпусында Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігі туралы ақпарат айтылды. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аумағындағы сейсмикалық жағдайға бақылауды қамтамасыз ететін және халықаралық мониторинг жүйесімен тығыз байланысқан сейсмикалық және инфрақызыл станциялар желісінің жұмысы депутаттарға зор ықылас туғызды.

Бөлісу