Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысы
2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И.И. Роговтың төрағалығымен кезекті отырысы өтті. Отырыста әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Р.Ф. Жақсылықов әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі министрліктің қызметі туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде адам құқықтарының сақталуының маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, қызмет қауіпсіздігін арттыру және еңбек пен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселелері ерекше назарға алынды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, Комиссияның алдағы жылға арналған басым бағыттары айқындалды.