Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысына қатыстым

28.02.2025 273

А.ж. 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау, сондай-ақ оларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында зардап шеккендерді қорғау тетіктерін жетілдіру, оларға көмек көрсету және оңалту мәселелері талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жакупова мен Ішкі істер министрі Е. Саденов өз баяндамаларында осы бағыттағы мемлекеттік шаралар мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар, еңбекші-мигранттардың, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарының және басқа да санаттағы азаматтардың құжаттандыру мәселелері қаралды. Бұл тақырып бойынша Ішкі істер министрі Е. Саденов мен «Сана Сезім» құқықтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ш. Хасанова баяндама жасады. Отырыста құжаттандыру жүйесін жетілдіру және әлеуметтік қызметтер көрсету механизмдерін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Бөлісу