Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия отырысына сенатор қатысты

23.05.2025 262

2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.И. Лукин қатысты.

Іс-шара барысында азаматтықты қабылдау мен одан шығу, азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау, сондай-ақ осы саладағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев баяндамасында азаматтық саласындағы қазіргі жағдай мен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар туралы ақпарат берді.

Отырыс қорытындысы бойынша азаматтық мәселелері бойынша заңнаманы және әкімшілік рәсімдерді одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Бөлісу