Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

13.06.2025 250

2025 жылғы 13 маусымда  Депутат А.И. Лукин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Адам құқықтарын қорғау саласындағы конституциялық бақылаудың рөлі - баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әбілқасымқызы Әзімова.

2. Азаматтар мен басқа да тұлғалардың банк және өзге де қаржылық қызметтер алу құқықтарының сақталуы мен қамтамасыз етілуі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметі - баяндама жасаған Агенттік Төрағасы Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова.

Бұл отырыс Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау институттарын нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен сарапшылық қауымдастық арасындағы пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Бөлісу