ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатыстым
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бірлескен отырысы және XVIII жалпы отырысы өтті.
Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Парламенттерінің басшылары, Хатшылық өкілдері және байқаушылар жиналды. Қатысушылар кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде ағымдағы төрағалықтың басымдықтарын, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің іске асырылуын, үлгі заңнаманы дамытуды және Ассамблеяның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын қарады. Сондай-ақ, 2026-2030 жылдарға арналған заңнаманы үйлестірудің жаңартылған бағдарламасы ұсынылды.