Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Төтенше жағдайларда әрекет ету жүйесін жаңғырту шаралары талқыланды

18.11.2025 264

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары төтенше жағдайларға орай әрекет етуді автоматтандыру және ақпараттық жүйелерді қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Отырыс барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі төтенше жағдайларға мониторинг және әрекет ету үдерістерін цифрландыру туралы хабардар етті. Елімізде заманауи геоақпараттық және талдамалық жүйелер - ТЖ ГАЖ, «Tasqyn», «АСМ», жер сілкінісін ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі және «Mass Alert» шұғыл хабарлау жүйесі енгізіліп жатқаны атап өтілді. Олар нақты уақыт кезінде табиғи және техногендік қауіптерді бақылауға, олардың дамуын болжауға және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. «112» қызметін дамыту, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және күштер мен құралдардың дайындығын бақылау үшін бірыңғай деректер базасын құруға ерекше назар аударылды.

 

Бөлісу