Қапбарова
Айгүл
Жарылқасынқызы
Айгүл
Жарылқасынқызы
Соңғы қызметі:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.
Туған күні: 10.08.1975 ж.
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1999). Журналист.
- М. Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті. Заң ғылымдарының магистрі.
Еңбек өтілі:
- Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының журналист-редакторы (1999-2003);
- «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Саясат бөлімнің меңгерушісі (2003-2011);
- «Шымкент Медиа» МКК директоры-бас редакторы (2011-2012);
- «Шымкент Ақпараттық орталығы» ЖШС («Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері) директоры - бас редакторы (2012-2019).
Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі:
- Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына қатысу:
- Азия Парламенттік Ассамблеясы;
- Оңтүстік және Орталық Азия, Кавказ елдерімен ынтымақтастық жөніндегі топ (Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Грузия, Үндістан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Шри-Ланка);
- Оңтүстік және Солтүстік Америка, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Аустралия және Океания елдерімен ынтымақтастық жөніндегі топ (Аустралия, Аргентина, Бразилия, Бруней, Вьетнам, Индонезия, Канада, Коста-Рика, Куба, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Корея Республикасы, Сингапур, АҚШ, Тайланд, Филиппин, Чили, Эквадор, Жапония).
Комиссия жұмысына қатысу:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның мүшесі
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы жыл сайынғы «Парасат» конкурсының конкурстық комиссиясының мүшесі
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтарды иеленуі, атақтары, құрметті атақтары:
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.);
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі (2015 ж.);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.);
- «Астанаға 20 жыл» медалі (2018 ж.);
- «Шымкент қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі (2017 ж.);
- Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасы (2018ж.);
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл»медалі (2020ж.) ;
- «Құрмет» ордені (2024 ж.);
- Қазақстан Журналистер одағының алтын медалі (2024 ж.);
- ҰҚШҰ ПА Құрмет грамотасы (2024 ж.);
- «ҚР Конституциясына 30 жыл» медалі (2025 ж.).