Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесу

24.10.2019 0

Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Сенат Аппаратында тағылымдамадан өткен «Жастар кадрлық резерві» республикалық жоба жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Сенаторлар Сенаттың құрылымы мен қызметі туралы айтып, сенаторлардың жұмысына қысқаша шолу жасады.

         «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова жас мамандар үшін кадрлық резервтің жақсы бастама екенін атап өтті. Қазіргі уақытта резерв құрамында 500-ден астам маман бар.

Кездесу барысында депутаттар жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Бөлісу