Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Шымкент қаласы (2020 ж. 5-14 қаңтар)

14.01.2020 0

5 қаңтар күні Шымкент қалалық әкімдігінде үшінші мегаполис тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, жер кезегі, заңсыз құрылыс мәселелері сынды тақырыптар көтерілді. Тұрғын үй, жер мәселелері бойынша сұрақтар заңнамаға сәйкес кезектілік тәртібімен шешіледі. Қала тұрғындарының барлық өтініштері жеке бақылауға алынды.

Осы күні Сенатор халықты жұмыспен қамту орталығына барып, оның қызметімен танысты, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың айтуынша, Шымкентте АӘК құжаттарын беру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерімен 4 аудан бойынша АӘК белсенді алушыларының әліпбилік тәртіптегі кестесі жасалды. Аталған кесте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдеріне жіберілді.

Депутат елімізде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң қабылданғанын, мемлекет бірінші кезекте балалар мен көп балалы отбасыларға көмек көрсететінін атап өтті. Жаңа қағидаттар айтылды, олар: көп балалы аналарды қолдау; жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек көрсету; кепілдендірілген әлеуметтік пакет.

6 қаңтар күні Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысты.

Кардиоорталықта тек Шымкент тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының пациенттері де ем алуда. Науқастарды 300-ден астам дәрігерлер емдейді. Дәрігерлердің көпшілігі шетелде оқудан өтті.

Орталық дәрігерлерімен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы талқыланды, дәрігерлердің бірқатар сұрақтарына жауаптар берілді.

Кардиологиялық орталықтың басшысы МРТ аппараттарын жаңғырту, сондай-ақ орталықтың жаңа ғимаратын салу қажеттігін айтты.

Осы күні сенатор «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына барып, «АГФ Групп» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Экономикалық аймақтың мақсаты-бизнесті қолдау және бар кедергілерді жою.

«АГФ Групп» компаниясы нарықта 10 жылдан астам жұмыс істейді және 250 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Өндіріс көлемі жылына 3 миллионнан астам өнім шығарады, онда әртүрлі өнім түрлері шығарылады – мектеп формасынан москит торларына дейін. Сенаторларға кәсіпорында өнім импорты мен экспорты кезінде Еуроодаққа мүше елдерге жіберілетін шикізат пен мемлекеттік баж салығы бойынша проблемалар бар екенін хабарлады.

8 қаңтар күні қалалық педагогикалық қоғаммен кездесу барысында «Педагог мәртебесі туралы» заңның негізгі жаңалықтары түсіндірілді. Айгүл Қапбарова педагогтармен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын талқылады.

Осы күні Шымкент қаласының әкімімен кездесу өтті. Ерлан Айтаханов депутаттарды 2019 жылғы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырды. Қала басшысы өнеркәсіп және білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, мегаполистің ағымдағы жылға арналған даму жоспарымен бөлісті. Кездесу барысында Е. Айтаханов қаланың көлік инфрақұрылымымен, сумен, газбен және электр желілерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландырудың жеткіліксіздігі туралы мәселені көтерді. Депутат А. Қапбарова әкім көтерген мәселені шешу бойынша өз күш-жігерін жұмсауға уәде берді.

9 қаңтарда Айгүл Қапбарова 3 мыңнан астам адам тұратын «Бадам» тұрғын үй ауданының инженерлік инфрақұрылымымен танысты. Тиісті қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен тұрғындарды сапалы электр энергиясымен, табиғи газбен және ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ жол салу үшін бөлінді. "Бадам" тұрғын үй ауданының коммуналдық мәселелерін осы жылдың соңына дейін толық шешу жоспарланып отыр.

10 қаңтарда қалалық мәслихат депутаттарымен және жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысушыларға Парламент қабылдаған заңдардың мазмұны, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының ерекшеліктері және атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат берілді.  Сенаторлар Б. Бекназаров, А. Қапбарова және Н. Бекназаров Президент ұсынған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында Шымкентті жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруға барлық мүмкін болатын қолдау көрсетілетіндігін сендірді.

13 қаңтарда М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми-зерттеу орталығының қабырғасында үшінші мегаполистің белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар волонтерлік, азаматтық қоғамды дамыту, дарынды жастарды қолдау туралы атап өтті. Кездесуде сенаторлар өткен жылдың қысқаша қорытындыларымен бөлісті және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Бөлісу