Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Есенғалиұлы Лұқпанов өңірлерге жұмыс сапары барысында Атырау облысының бірнеше ауданында болды

11.05.2021 0

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау одан әрі жалғасты. Сенатор Палата жұмысының нәтижелері туралы айтып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформалардың түйінді бағыттары бойынша жан-жақты хабардар ете отырып, мәслихат депутаттарының республикалық деңгейдегі бірқатар жүйелі мәселелерді шешу қажеттігі туралы пікірін мұқият тыңдады. Солардың бірі - жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

«Атырау облысында "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға бөлінетін бюджеттік кредиттердің үлесі ең аз болып отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі - өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің басқа өңірлермен салыстырғанда тұрғын үй құнының қымбаттығы байланысты, тиісінше, жоба бойынша берілетін қаражаттың жеткіліксіздігі, сатылатын үйлердің жай-күйіне, тозу деңгейіне қанағаттанбау фактілері анықталды. Осы бағытта мамандарға берілетін бюджеттік несиені бекітілген 1500-ден 2 000 АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесін қарау ұсынылуда», - деді Сағындық Лұқпанов.

Сағындық Лұқпанов өңіріне сапар барысында сондай-ақ Жылыой және Мақат аудандарын да аралады. Сенатор Құлсары қаласында жалпы сыйымдылығы 275 орындық екі модульді аурухана құрылысының барысын қарады. Ал Мақат ауданында Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінің арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты.

Депутат сонымен қатар Атырау облысының әкімімен, мемлекеттік органдар басшыларымен және облыстық мәслихат депутаттарымен де кездесті. Сенатор осы кездесулер барысында аймақ тұрғындары көтерген әрі облыс басшылығының ерекше назарын талап ететін проблемалық мәселелер туралы айтты.

Бөлісу