Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Есенғалиұлы Лұқпанов өңірлерге жұмыс сапары барысында Атырау облысының Қызылқоға ауданында болды

11.01.2021 0

Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысының Қызылқоға ауданында болды.

Депутат Мұқыр ауылына барған кезде мектепте болып, қауіпсіздік жүйесін тексерді, сондай-ақ білім беру сапасы мен мұғалімдердің жалақысы туралы ойларымен бөлісті.

Мұқыр станциясының теміржолшыларымен болған кездесуде осы саланың өзекті мәселелері қозғалды, қызметкерлердің ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды. Сенатор өз кезегінде айтылған ұсыныстарды алдағы жұмыс барысында ескеруге уәде берді.

Депутат сапары Тасқұдық елді мекенінде одан әрі жалғасты. Тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, газ құбыры жеткізілмеген екен. Электр желісі де қайта жаңғыртуды талап етеді. Сенатор бұл күрделі мәселелерді оң шешуге жәрдемдесетін болады.

Сенатор Құлсары-Мұқыр тас жолының жағдайына назар аударды. Осы автомобиль жолын қайта жаңарту мәселесі депутаттардың бақылауында болғандықтан сенатор осы мәселе бойынша бұдан бұрын Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдаған еді.

Депутат сондай-ақ аймақтағы химия өндірісінде де болып, өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысымен де танысты. Олар осы қордың тауарлары саудаланатын супермаркеттер желісіне барып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы туралы хабардар болды. Депутат медициналық тауарлар қоймасында да болды.

Сенатор бағаны мемлекеттік реттеу арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нақты есебін алу жолға қойылуы тиіс екенін атап өтті. Қазіргі кезде азық-түлік пен медициналық тауарларға қатысты дүрбелеңге жол бермеу, жеткізу тетіктері мен сөрелердегі бағаларды үнемі бақылау, алыпсатарлыққа жол бермеу маңызды болып отыр.

Бөлісу