Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Есенғалиұлы Лұқпанов өңірлерге жұмыс сапары барысында Атырау облысының Мақат ауданында болды

06.01.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы жұмыс бабындағы сапар барысында Мақат ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысан құрылыстарымен танысты. Олардың бірі - Доссор кентіндегі 60 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үй. Жоба құны – 934,5 млн.теңге тұратын тұрғын үй нысаны өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген болатын. Толық абаттандырылған тұрғын үй ауданның әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне бөлінді. Депутат үйдің тұрғындарымен кездесіп, олардың жағдайымен және коммуналдық қызметтермен қамтылуымен танысты.

Депутат сапар барысында Доссор кентінен Мақат ауылына тартылатын кәріз тазарту жүйесінің жұмысымен де танысты. Ұзындығы 38 км болатын су сору жүйесінің жоба құны - 3 млрд 762 млн. теңге болды. Қазіргі кезде жүйенің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама нәтижесі күтілуде.

Сенат депутаты аудандық атқарушы органдар басшыларымен және мердігер компания өкілдерімен болған кездесуде Мақат ауданының тыныс тіршілігі мен жүзеге асып жатқан жобалар сенатордың тұрақты назарында екендігін жеткізді.

Бүгінгі таңда аталған жобаны қаржыландыру көздері анықталды, жобалау құжаттамасы дайын. Сараптау жұмыстарын жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісу керек. Ең бастысы - жобаларды іске асыру кезінде отандық өндірушілердің материалдарын пайдалануға басымдық беру керек. Бұл жобалардың шығындарын қысқартып қана қоймай, жергілікті қамтуды дамытуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Сенатор мен облыстық мәслихат депутаттарынан құралған топ Қызылқоға ауданына жолға шықты.

Бөлісу