Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының отырысында депутат С. Е. Лұқпановтың «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қолдауға арналған баяндамасы

13.01.2022 0

«Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының

Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы

келiсiмді ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 бойынша депутат C.Е. Лұқпановтың

қолдауға арналған баяндамасы

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Бүгінде қарауымызға ұсынылып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құруға және халықаралық рейстердің ұлғайуына бағытталған.

Сондай-ақ заң жобасының міндеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО/МФЦА) мен әлемнің басқа да халықаралық қаржы орталықтары арасында тікелей әуе байланыстарын орнату болып табылады.

Сондай-ақ, Келісімнің күшіне енуі Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Келісімді ратификациялау сыртқы көліктік қолжетімділікті арттыруға және халықаралық әуе кеңістігінің кеңейуіне ықпал ететін болады.

Құрметті әріптестер! 

Жоғарыда аталған заң жобасын толықтай қолдаймын, сондай-ақ әріптестерімді де қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу