Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. Е. Лұқпанов «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша комитет отырысында қосымша баяндама жасады

29.03.2022 0

«Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Ерік Хамзаұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарастыруға ұсынылып отырған Заң жобасы коммерциялық қызметке қатысушылар арасындағы халықаралық операцияларды жүзеге асыруды жеңілдету  мақсатында әзірленген.

Қазіргі таңда, Халықаралық келісімдер бойынша дауларды медиация арқылы шешу әлемдік нарықтың даму жағдайына ерекше орын алуда.

  Заң жобасын қабылдау Еліміздің және азаматтарымыздың коммерциялық саласындағы мүдделерін қорғауды ынталандыруға мүмкіндік бере отырып, соттан тыс медиацияны жетілдіруге оң қадам жасайтын болады.

 

Конвенция татуласу келісімдеріне сүйену мүмкіндігіне қатысты талаптарды, көмек беруден бас тарту үшін негіздерді, қатарлас өтінішхаттар немесе талаптарды беру мүмкіндіктері және басқада нормаларды регламенттейді. 

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Бөлісу