Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпановтың «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы»ҚР Заң жобасы жөніндегі комитет отырысында қосымша баяндама жасады

11.05.2022 0

«1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Ерік Хамзаұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасының негізгі мақсаты - 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатынының қағиттары туралы келісімнің қолданысын тоқтатуға бағытталған.

Осылай, 2021 жылғы 4 наурызда келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды.

Бүгінгі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің тоғыз мемлекеттерінен тек төрт мемлекеттері (Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекістан) осы келісімді ратификациялады, ал қалғандары біраз уақыттан кейін бас тартқан.

Хаттаманы ратификациялау халықаралық шарттарға сәйкес жасалған.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ оны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу