Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат С. Е. Лұқпановтың ҚР Парламенті Сенатының отырысында «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын қарау барысындағы қойған сұрағы

19.05.2022 0

Депутат С. Е. Лұқпановтың Парламент

Сенатының отырысындағы

«1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының

келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығына қатысушы мемлекеттер

үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын

 тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

ҚР Заңының жобасын қарау кезіндегі мәселесі

 

РАҚМЕТ!

 

ҚҰРМЕТТІ МӘУЛЕН САҒАТХАНҰЛЫ!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Менің сұрағым

ҚР Қаржы министрлігі өкіліне арналады

 «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» келісімге сәйкес оны ратификациялаған тараптар, (оның ішінде біздің мемлекетіміз де бар), салық салу қағидаттары мен қағидаларын біріздендіру негізінде келісілген салық саясатын жүргізді.

Бұл ретте келісім шеңберінде акциздер тауарлардың келісілген тізбелері, ставкалардың мөлшерлері және салықты есептеу мен төлеудің біріздендірілген тәртібі бойынша алынуға тиіс болған.

Өз кезегінде, 2021 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 13 наурыздағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы салық саясатының келісілген қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойды.

Осыған байланысты менің мынадай сұрағым бар: Акциздердің реттеуші функциясын және олардың салық салу құрылымындағы, сондай-ақ мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастырудағы үлес салмағын назарға ала отырып, акциздердің мөлшері мен акцизделетін тауарлардың тізбесі бөлігіндегі салық салу жүйесін жетілдіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде, Қаржы министрлігі қандай шаралар қабылдауды жоспарлап отыр?

 

РАҚМЕТ!

Бөлісу