Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

17.01.2023 0

Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасының негізгі мақсаты – карантинге жатқызылыған өнімді әкелу кезінде фитосантарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзара іс-қимылды нығайту бағытталған.

 Бүгінде Қазақстан Республикасы, 2010 жылғы 29 сәуірден бастап Халықаралық өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі конвенцияның (Международной конвенции по карантину растений и их защите) мүшесі болып табылады.

Келісімді ратификациялау бойынша Заң жобасын қабылдау келесі ұғымдарды қамтамасыз етеді деп күтілуде:

- карантинге жатқызылған өнімді өткізу кезінде елдеріміздің қолайлы фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамыту;

- өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік актілер және карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбелері туралы ақпаратпен алмасу;

- екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйі туралы өзара хабардар ету;

- зерттеу және диагностикалау тәжірибесімен алмасу бөлігінде өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруды көздейді.

Хаттаманы ратификациялау халықаралық шарттарға сәйкес жасалған.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ оны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!
Бөлісу