ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Е. Лұқпанов 2023 жылдың 22 қыркүйегінде өңірдегі шағын орта бизнес және көлік –логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылау бойынша Маңғыстау облысына іс-сапармен барды.

Кездесуге Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов пен Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев қатысты.
Кездесу барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА АҚ Басқарма төрағасы Асхат Қабашев «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметімен және одан әрі даму жоспарларымен, АЭА қызметін реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларымен таныстырып, делегация мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, сенаторлар АЭА қатысушыларының объектілеріне «Chem-Invest Export» ЖШС, «Topan Chemical Industries» ЖШС-на барып, АЭА-ның инвестициялық жобаларды іске асырудағы жоғары әлеуетін атап өтті.