Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Е. Лұқпанов «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша комитеттің отырысында баяндама жасады

05.11.2024 159

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Төраға !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарауымызға ұсынылып отырған Заңның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуіне қатысты қолданылатын қағидаларды, соның ішінде құқықтық, салықтық және қаржылық шарттарды айқындауға бағытталған.

Француз даму агенттігінің маңызды аспектісі қаражатты еуро, АҚШ доллары немесе кез келген басқа валютада, өзінің мәртебесіне сәйкес қаржылық немесе техникалық жәрдемдесудің кез келген нысанын ұсынуға, мемлекеттік немесе жеке құрылымдарға консультациялық қызметтер және оқыту қызметтерін ұсынуға көздейді.

Заңда, Француз даму агенттігі тобын өз қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеуден (төлем көзінен ұсталатын салық төлеуді қоса алғанда) босатуды көздейді. Ол көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстанда өкілдік ашуға және ұстауға құқылы.

Француз даму агенттігі тобы мен оның өкілдігі банк немесе басқа қаржы институты мәртебесіне ие болмайды, сондықтан жергілікті банктік ережелерге бағынбайды.

Заңды қабылдау нәтижесінде Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және елдегі инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызуға ықпалын тигізетін болады.

Заң бойынша Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Аталған заңды қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу