Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2025 жылғы 5-8 қаңтардағы ҚР Парламенті Сенатыны депутаты С.Е. Лұқпановтың Атырау облысындағы іс-сапары

07.01.2025 128

ҚР Парламенті Сенатыны депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы өнім өңдеу саласындағы бірнеше кәсіпорында болды. Арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС полипропилен өндіру зауыты осындай нысандардың бірі болатын. Теңіз кен орнынан шығатын шикізатты қайта өңдеу бойынша еліміздегі алғашқы жоба болып табылатын бұл интеграцияланған газ-химия кешенінің қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен болып отыр.

Депутат Қазақстанның экономикалық дербестігін нығайту үшін қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ  Сенаттың іскерлік ахуалды жақсарту және саланы дамытуға бағытталған заң шығару бастамалары туралы жан-жақты айтып берді.

«Отандық өндірушілерді қолдау және импортқа тәуелділікті азайту – қайта өңдеу саласындағы басты міндеттің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында атап өтілгендей, қайта өңдеу саласын дамыту – бұл еліміздің экономикасын нығайтатын стратегиялық басымдық», - деді сенатор Лұқпанов.

Депутат сондай-ақ полиэтилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешенінің екінші кезеңін іске асыратын «Силлено» ЖШС жобасына куә болды. Қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен болатын зауыттың құрылысы 2029 жылы аяқталады. 2024 жылы компания жобаға белсенді қатысатын және ондағы қазақстандық өнім құрамын арттыруға ықпал ететін Tecnicas Reunidas испандық фирмасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын

Бөлісу