Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

07.10.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында Бекенов Н.Ж.

БАЯНДАМАСЫ

Құрметті әріптестер!

Қаралып отырған Заң жобасы туралы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі  толық баяндап берді.

Заң жобасының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған іс-шаралардың сапасын арттыру болып табылады.

Заң жобасын қабылдау мәдениеттің әр түрлі салаларын дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде, мемлекеттік мұрағаттар, кітапхана және баспа ісін, концерттік іс-шаралар, мемлекеттік мұражайлар мен қорық мұражайлары, шығармашылық бастамаларды дамытуға жағдай жасайды, шығармашылық одақтардың белсенділігін арттырады және авторлық құқықты қорғайды. Көрерменге фонограммаларды орындаушылардың қолдануы туралы хабарлау музыкалық шығармаларды орындаушылардың деңгейі мен репертуарының сапасын арттыратындығын ерекше атап өтуге болады.

Сондай-ақ, қазақстандық ұлттық электронды кітапхананың қалыптасуы Қазақстанның бүкіл кітапхана желісін цифрлық форматта интеграциялауға, кітапхана пайдаланушылары үшін қолайлы жағдайлар жасауға және олардың санының көбеюіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, авторлық құқықты алуға және әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер үшін қаламақы төлеуге, баспа ісін жетілдіруге байланысты бірқатар нормалар шығармашылық адамдарға қолдау көрсетуге және ынталандыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, ұсынылған заң жобасын қабылдау мәдениет саласындағы бірқатар мәселелерді тиімді шешеді және саланың дамуына серпін береді деп айтуға болады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасыжұмыс тобында қаралды, туындаған сұрақтарға жауаптар алынды.

Құрметті әріптестер! Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, Заң жобасын толықтай қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу