Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

25.11.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Сенат депутаты Н.Ж. Бекеновтің қосымша баяндамасы


Құрметті әріптестер!

 

Қаралып отырған Заң жобасы Парламенттің бір топ депутаттарының бастамасымен қарыздық еңбек саласындағы құқықтық жағдайыларды реттеу мақсатында әзірленген.

Осы кезге дейін еліміздің заңнамасында мұндай құқықтық реттеу болмаған. Соның себебінен жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктері жоқтығынан оларға өндірістегі жарақат немесе өлім үшін ешқандай төлем қарастырылмай құқықтары өрескел бұзылып, көптеген сынды жағдайлар орын алып келеді.

Аталған заң жобасы қарыздық еңбек саласында жұмыс істеуші азаматтарды әлеуметтік және құқықтық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен гигиена талаптарын сақтауды да қамтамасыз ету тетіктері қарастырылып, қарыздық жұмысшының жалақысын штаттағы қызметкердің негізгі еңбек ақысымен теңестіру ұсынылып, сыйақы жағы да ескерілген.

Бұдан басқа тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, жазатайым оқиға кезінде тергеп-тексеру тәртібін, персоналды беру қызметтерінің жүзеге асыру тәртібін белгілеп реттейтін нормалар енгізілген, қарыздық еңбек саласына қатысты жаңа терминдер мен ұғымдарға түсінік берілген.

Заң жобасы тұжырымдамасы бойынша заң жобасын әріптесіміз, Сенат депутаты Ершов Сергей Михайлович толық баяндады.

Жұмыс тобының отырысында заң жобасы жан-жақты талқыланды.

Құрметті әріптестер! Заң жобасын қолдап бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу