Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

02.12.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Сенат депутаты Н.Ж. Бекеновтің қосымша баяндамасы

 

Құрметті әріптестер!

 

Қаралып отырған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары тобының бастамасы бойынша әзірленді.

Осы Заң жобасын қабылдау білім беру саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі және балаларға арналған қосымша білім берудегі мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді және білім беру саласындағы заңнаманың сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

Заң жобасының кейбір аспектілеріне толығырақ тоқталғым келеді.

Мысалы: білім беру бағдарламаларының баламалылығын белгілемей-ақ шетелдік дипломдарды тану рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік беретін нотификациялау рәсімі ұғымы енгізіледі.

Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту тұжырымдамасы енгізілді. Бүгінде ол, бүкіл әлемде кеңінен қолданылады.

Мемлекет басшысының оқулықтарды әзірлеу тәсілдерін түбегейлі өзгерту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде БҒМ-ге оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сараптау және байқаудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер жүктеледі.

Енді Білім министрлігі оқу орнының ғимараты мен аумағына әкелуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін бекітетін болады.

Балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында лауазымды тұлғалардың жеткізушілерді таңдау тәртібін сақтауы, жосықсыз жеткізушілерді жариялау және олардың конкурсқа қатысуына тыйым салу жөнінде нормалар белгіленген.

Депутаттар ұсынған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және қолданыстағы заңнамалық актілерге қайшы келмейді. Заң жобасы Үкіметтің оң қорытындысын алды.

Баяндалғанды ескере отырып, осы заң жобасын қолдауды және оны ескертулер мен ұсыныстарсыз бас Комитетке жолдауды сұраймын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу