Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

09.12.2020 185

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Сенат депутаты Н.Ж. Бекеновтің қосымша баяндамасы

 

Құрметті әріптестер!

 

Бүгін Қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитет отырысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.

Заң жобасының басты мақсаты - олардың ұйымдастырушылық тиімділігін, демократиялылығын, ашықтығын қамтамасыз ететін қоғамдық кеңестердің оңтайлы моделін қалыптастыру.

Заң жобасы кеңестер құрылған кезден бастап құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, қоғамдық кеңестердің қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Олардың тиімділігін, тәуелсіздігін, ашықтығын арттыру мақсатында бірқатар жаңа ережелер енгізу жоспарлануда.

Өзгерістер құрылымдық және ұйымдастырушылық мәселелерге, оның ішінде қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге, кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтатуға, құқықтарын, міндеттері мен өкілеттіктерін кеңейтуге, олардың қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Уәкілетті орган және оның қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы функциялары айқындалған.

Жоба Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында, оның ішінде квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру және олардың мүшелерін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу процестеріне тарту арқылы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту бойынша түзетулерді ескере отырып пысықталды.

Заң жобасы қоғамдық кеңестердің, азаматтық қоғамның, отандық және халықаралық сарапшылар қоғамдастығының, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің кеңінен қатысуымен жан-жақты қоғамдық талқылаудан өткізілді.

Түзетулер қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі бағыттарын толығымен қамтиды.

Ұсынылып отырған жаңа нормалар мемлекет пен азаматтық қоғамның, оның ішінде қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылын күшейтуге ықпал етеді.

Заң жобасының қабылдануы қоғамдық кеңестердің мемлекет өміріндегі қоғамдық-саяси, әрі әлеуметтік маңыздылығын одан әрі арттыруға оң септігін тигізеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жіберулеріңізді сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу