Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

10.12.2020 0

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Праламенті Сенатының отырысына Н.Ж. Бекеновтің қосымша баяндамасы

 

Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Заң жобасы бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша қойылған міндеттерді шешу мақсатында әзірленді.

Жаңа бағытты қаржыландырудың негізгі көзі – Ұлттық қор. Сондықтан, заң жобасы аясында Ұлттық қорды жинақтауға ықпал ететін тәсіл ұсынылады.

Тиімсіз бюджеттік шешім қабылдағаны үшін, мемлекеттік органдардың жауапкершілік мәселесі өзекті болып қалуда.

Депутаттық корпуспен бұл мәселелер, Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде және бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі Кеңестің жұмысы аясында, бірнеше рет көтерілді.

Осы бағытта, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігін және олардың жауапкершілігін арттыру үшін, бюджеттік өтінімді қалыптастыру жолдарын өзгерту ұсынылады.

Сенаттың тұрақты комитеттерінде заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Парламент Сенаты Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, Қаржы және бюджет комитеті аталған Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

 

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу