Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы»

23.12.2020 198

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің отырысына Сенат депутаты Н.Ж. Бекеновтің қосымша баяндамасы

 

Құрметті Ольга Валенитновна!
Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі, Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралуда.

Жобаның негізгі мақсаты ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (2-санат) Алматы қаласында жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл заң жобасы этностардың шығу тегін, Ұлы Жібек жолын зерттеуге, мәдени қоғамды қалыптастыруға және ол бойынша түрлі кездесулер өткізуге бағытталған халықаралық ынтымақтастық үшін бірегей платформа болады.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкелмейді және оны іске асыру бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Сондай-ақ, жұмыс тобының отырысы өткізіліп, аталған заң жобасы бойынша сұрақтар толық қаралып, жауаптар алынды.

Осыған байланысты, заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу