Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Ақмола облысындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты

04.05.2021 0

Сенат депутаттары Ақмола облысының Сандықтау ауданына барды. Алдымен сенаторлар салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған нысанды осы жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, депутаттар жаңадан ашылған спорт-сауықтыру кешенінде болды. Кешен толығымен жабдықталған және барлық спорттық талаптарға сай келеді. Сенат депутаттары мұндай нысандар Мемлекет басшысы Жолдауда міндет етіп қойған бұқаралық спортты дамыту үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда елімізде спорттық инфрақұрылымды дамытуға баса мән берілуде. Бұл ретте Сандықтау ауданы облыс бойынша алдыңғы қатарда тұрған аймақтардың бірі», – деді Дәурен Әділбеков.

Одан бөлек, сенаторлар Балкашино ауылында жергілікті орта мектептің ұжымымен кездесті. Кездесуде мұғалімдер пандемия кезіндегі білім беру процесін ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар депутаттар мен ұстаздар қашықтан оқыту форматын жақсарту тетіктерін және бірте-бірте дәстүрлі форматқа көшу мәселелерін талқылады.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда ауылда білім беру үдерісі жақсарып келеді. Бұған мысал ретінде бір ауысымда білім беруге көшкен №1 Балкашино орта мектебінің жағдайын тілге тиек етті.

Депутаттар ауыл тұрғындары көтерген барлық мәселе назарға алынатынын және алдағы заң шығару қызметінде ескерілетінін жеткізді.


Бөлісу