Нұрлан Бекенов: "Қазақстанның ТОП-10 туристік орындары" қатарына Зерендіні қосу керек»
Ол Сандықтау ауданында ағымдағы жылдың соңына жоспарланған екі тұрғын үй құрылысының барысынмен танысты. Сенатор салынып жатқан үйлердің сапасын бақылау мен мұқтаж жандарға кезек бойынша тұрғын үй берудің маңыздылығын атап өтті.
Нұрлан Бекенов қазіргі заман талаптарына сай келетін жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде де болды. Депутат қазір елімізде спорт инфрақұрылымын ұлғайтуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Еліміз Президентінің бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауда бұл аса маңызды. Сенатор облыстағы спорт көшбасшыларының бірі болып келе жатқан Сандықтау ауданында мақтануға болатын көрсеткіштер бар екенін атап өтті.
Зеренді ауданындағы құрылыс алаңдарында ғимараттар салу барысында құрылыс ережелерін сақтау және жұмыстардың жоғары сапасы туралы сөз болды. Депутат Заречное ауылындағы Чаглинка өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен де танысты. Сенатор сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне арнап салынып жатқан 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарады.
Сенатор сапар барысында аудан басшылығымен туризм саласын дамыту келешегін талқылады. Депутат "Қазақстанның ТОП-10 туристік орындарына" Зеренді туристік аймағын қосуда белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.