Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы

29.12.2020 0

Қаралып отырған Заң жобасының басты мақсаты - мақта саласындағы әкімшілік кедергілерді жоюға және осы салаға инвесторларды тартуға, сондай-ақ банктерден несие алуға жағдайлар жасауға бағытталған.

Мақта өңдеу ұйымдары қызметінің шамадан тыс реттелуі, олардың негізгі қызметіне тән емес «қойма қызметін» лицензиялау, сыртқы (уақытша) басқарудың өзгеше тәртібі, өз иеліктеріндегі мүліктерін кепілге қоюдағы шектеулер мен «мақта қолхатының» кепіл мәні ретінде қаржы институтары тарапынан қолдау таппауы, аталмыш салаға қаржы тартудың күрт азаюына әсерін тигізген.

Осы себептерге байланысты, 2007 жылы қабылданған «Мақта саласын дамыту туралы» Заңының күшін жою және де 7- заңнамалық актілердегі (Азаматтық; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы; Азаматтық процестік; Кәсіпкерлік кодекстеріне және де Аудиторлық қызмет туралы; Оңалту және банкроттық туралы; Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заңдарға) мақта өңдеу ұйымдарының қызметтеріне қатысты нормаларды алып тастау ұсынылады.

Енгізіліп отырған түзетулер саланың инвестициялық ахуалын сауықтыруға, салаға кредиттік ресурстарды тартуға мүмкіндіктер береді және де саланың дамуына оң әсер етеді санаймыз.

Заң жобасы бойынша бастамашы топ және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерінің және қатысуымен жұмыс топтарында, комитет отырысында, комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Сенаттың тұрақты комитеттерінің заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстары жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» ҚР Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Бөлісу