Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы

29.12.2020 0

Заң жобасын екінші оқылымға даярлау барысында Сенаттың тұрақты комитеттері мен Сенат депутаттары тарапынан ескертпелер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық салдардың туындауына алып келмейді және бюджеттен қосымша қаржы шығынын талап етпейді.

Заң жобасы өзекті және уақытылы болып табылады.

Құрметті әріптестер, баяндалғанды ескере отырып, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдауды ұсынады.

Бөлісу