Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Айдынды Алакөлдегі кездесу

05.08.2021 151

Үстіміздегі жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасы Сенат төрағасының орынбасары Абдиров Нұрлан Мажитұлы, Сенат депутаттары Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы және Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы Алакөл ауданына іссапарамен барып, отандық туризмнің ошағына айналған Алакөлдің қазіргі тыныс – тіршілігімен танысты. 

Ең алдымен Сенат төрағасының орынбасары Н.Абдиров және Сенат депутаттары С.Дүйсенбінов пен Н.Қылышбаев мердігер мекеме «Компания Спецстрой» ЖШС-нің көл жағасын бекіту жұмыстарымен танысып, туристерге қолайлы жағдай жасау үшін жаға бекіту жұмыстарына немқұрайлы қарамай, орын алған кемшіліктерді дер кезінде жойып, уақытылы орындалуын тапсырды.

«Елімізде туризм саласының қарқыңды дамып келе жатқан айрықша мекені ол – Алакөл. Жыл сайын айдынды өлкеге миллиондаған демалушылар келетіндігі рас. Осы орайда, демалушыларға оның ішінде жас бүлдіршіндерге де ойын алаңдары мен әртүрлі тәрбиелік мән – мағынасы бар бағдарламалар мен мультфильм көруге арналған шағын кинотеатр орналастыруды назарға алған жөн. Себебі, ата – аналарымен бірге ашық аспан астында көгілдір экранды қызықтап, жақсы демалыс қалыптастыру үшін балалардың демалысына да көңіл аудару қажет.» - деп атап өтті сенаторлар.

Артынша аудан экономикасының қарқынды салаларының бірі – туризм саласы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Сенат депутаттары өңірдегі бірқатар демалыс орындарының басшыларымен танысып, ой – пікірлерін тыңдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бөлісу