Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сұлтан Дүйсембинов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

23.03.2022 153

Парламент Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысының Қаратал ауданында болды. Сенатор орталық аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысымен танысты. Сонымен қатар К.Тоқаев атындағы орта мектебінің жапсаржай құрылысы барысымен танысып, онда мердігер ұйым басшысымен сөйлесіп, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды талқылады.

Депутат А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында объектіге аудандық жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыздар қатарынан 102 адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантатынын және аудан көлемінде жұмыссыздар санын барынша азайту бағытындағы жұмыстардың кенжелеп қалмауын және құрылыс жұмыстарының барысы жергілікті өкілді  органның әрдайым қатаң бақылауында болуы керектігін тапсырды.

Сондай-ақ, Сұлтан Дүйсембинов Текелі қаласында болып, қаладағы газ тарату пунктінің жұмысымен, халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін «Текелі Су құбыры» кәсіпорнының сүзгі және сорғы станцияларының жай-күйімен танысты.

Депутат Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде Сенат қабырғасында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамалар талқыланды. Сенатор Президенттің Ұлттық құрылтай құру туралы бастамасына байланысты қоғамдық кеңестердің де рөлі мен маңызы арта түскенін атап өтті.

Сенатормен кездесуде кеңес мүшелеріқатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қатыстымәселелердің өзектілігін айтты.

«Бұл мәселені өңірлерді аралау кезінде азаматтар жиі көтереді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және қоқыс полигондарын заңнама талаптарына сәйкес келтіру мәселесін бақылауға алып отырмыз. Мен өзімнің тарапымнан бұл проблеманы республикалық деңгейдегі уәкілетті органдар алдында көтеретін боламын», - деді сенатор.

Сонымен қатар, депутат Талдықорған қаласының тергеу изоляторында болып, «қаңтар оқиғаларының» тергеу барысымен танысты. Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет, ал оқиғаларды бағалау әділ болуға тиіс екенін атап өтті.

Бөлісу