Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор С. Дүйсембинов: тұрғындардың саяси белсенділігін арттыруды көздеген реформа...

12.05.2022 0

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов үстіміздегі жылдың 12 мамырында Алматы облысының Көксу ауданына келіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау мақсатында аудандық мәслихат депутаттарымен, мекеме басшыларымен, штаб мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық Референдум туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар жылдар бойы айтылып келе жатқан қоғамның сұранысынан туындаған іргелі сипаттағы реформалар болып табылады. Азаматтарға өз таңдауын жасауға мүмкіндік бере отырып,  тұрғындардың саяси белсенділігін арттыруды көздеген бұл реформа азаматтардың қоғамдағы өзекті мәселелерді бірлесе оңтайлы шешуге, Жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған» - деп атап өтті депутат.

Жиын соңында сенатор Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум бойынша тұрғындарға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жергілікті өкілді және атқарушы органдарға тапсырды.

Бөлісу