Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сұлтан Дүйсембинов Ескелді ауданының тұрғындарымен конституциялық реформаларды талқылады

11.05.2022 155

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысы Ескелді ауданының тұрғындарымен, аудандық мәслихат депутаттарымен және мекеме басшыларымен кездесті. Сенатор жүздесу барысында жерлестеріне конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты түсіндіріп, маңызды деген сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар көптеген жылдар бойы қалыптасқан қоғамның сұранысынан туындаған ауқымды реформалар болып табылады. Бұл реформа халықтың саяси белсенділігін арттыруға, азаматтардың қоғамның өзекті мәселелерін бірлесіп шешу мүмкіндігін қамтамасыз ету мен жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысуға бағытталған», - деп атап өтті депутат.

Сенатор жаңа конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесіне де әсер ететінін атап өтті. Оның аясында Президенттің өкілеттігі қысқартылады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі едәуір күшейтіледі, заңның үстемдігі елдің құқық қорғау жүйесін реформалау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Бөлісу