Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор С. Дүйсембинов колледж ұжымымен кездесті

23.05.2022 166

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов үстіміздегі жылдың 23 мамырында Алматы облысының Алакөл ауданына келіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау мақсатында аудандық мәслихат депутаттарымен, Алакөл гуманитарлық колледж ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық Референдум туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі басымдықтарға тоқтала келіп, «Енгізілу жоспарланып отырған өзгерістерге сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді, азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшейеді» - деп атап өтті депутат.

Осы орайда бүкілхалықтық референдумға бір кісідей ат салысып қатысу және халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Келесі кезекте Сарқан ауданына ат басын тіреген сенатор Сарқан гуманитарлық колледж ұжымымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, онда да түсіндіру жұмыстарын жүргізді, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аудан тұрғындары өз кезегінде депутатқа алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бөлісу