Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты С. Дүйсембинов жұмыс сапарымен Ақсу ауданына барып, бірқатар әлеуметтік объектілерді аралады.

03.07.2022 0

Сенат депутаты С. Дүйсембинов жұмыс сапарымен Ақсу ауданына барып, бірқатар әлеуметтік объектілерді аралады. Сапар барысында Көшкентал ауылындағы 1969 жылы салынған орта мектептің, 1985 жылы салынған мәдениет үйінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлік амбулаторияның, Көлтабан ауылындағы тозығы жеткен медициналық пункттің, шағын орталығы бар 120 орындық бейімделген мектептің, Жансүгіров ауылындағы Ж. Сыдықов орта мектебінің жағдайымен танысты. Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан тозығы жеткен, салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген әлеуметтік объектілерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жаңадан салуға қаржы мәселесін шешуде көмек көрсету туралы өтініштері айтылды.

Сондай-ақ, сенатор Талдықорған-Өскемен тас жолының жөндеу жұмыстарының  жүргізілу барысымен танысып, жұмыс сапасына, жүргізілу барысына қатысты біраз сын-ескертпелерін айтты.

Бөлісу