Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов Талдықорған қаласында

02.07.2022 155

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Дүйсембинов Талдықорған қаласына іссапармен келіп, Талдықорған қаласының №19  гуманитарлық-техникалық колледжіне барды. Сенатор 370-тен астам тәлімгерлер білім алатын оқу орнының жағдайымен танысып, оқытушылар құрамымен сұхбаттасып қайтты. Кездесу барысында колледж ұжымы студенттерге арналған шеберхана құрылысына бюджеттен тиісті қаражат бөлуге қолдау көрсетуді сұрады.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласы оңтүстік-батыс тұрғын ауданында жаңанадан салынып жатқан 1200 балаға арналған жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты, құрылыстың жүру қарқынын және сапасын қатаң бақылау шараларына, қажеттігіне қарай мәслихат депутаттары мен «Amanat» партиясының өкілдерін тартуды тапсырды.

Келесі кезекте Жастар-1 тұрғын үй алабында жаңадан салынып жатқан жолдардын сапасын арнайы жол сапасын саралайтын «Қабылан Эксперт» ЖШС-мен бірге аралап шықты.

Сонымен бірге замануи музыкалық субұрқақтармен жабдықталған Жастар саябағын аралады, Қаратал шағын ауданында орналасқан жағажайдың демалушыларға жасалған жағдайымен, Талдықорған-Үштөбе тас жолында орналасқан қоқыс өңдеу аймағының қоқыстарды сұрыптау, өңдеу процестерімен танысып қайтты.

Іс-сапар соңында Сұлтан Мырзабекұлы жасалып жатқан, жаңадан қарқын алып келе жатқан құрылыс аймақтарына көңілі толып, сәттілік тіледі.      

Бөлісу