Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Аудан әлеуетінің мүмкіндігі зор

05.07.2023 144

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов   жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ ауданына   келіп, өңірдің  тыныс-тіршілігімен  танысты.

Сенатор стратегиялық маңызы бар нысанның жұмысымен танысу әрі мұндағы қордаланған мәселені зерделеу мақсатында Іле-Алатауы  ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Есік көлін аралады.

Есік көлі аудан орталығы мен жақын орналасқан елді мекендерде тұратын 100 мыңнан астам тұрғынды ауызсумен қаматамасыз етуде. Сонымен қатар, 5500 гектар егістік алқабына тіршілік нәрін осы көлден алады. Қазіргі таңда суды тоқтататын құрылғылар ескіріп, жаңартуды қажет етеді. Бұл мәселе бойынша Сенат депутаты тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ бүгінде көлді сенімгерлік басқаруға алған су электр станциясы суды өзіне алуда. Бұл көлдегі судың жаз айына дейін тиісті мөлшерде жиналуына кері әсер етеді. Нәтижесінде, тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көруі мүмкін. Сұлтан Мырзабекұлы суды тоқтататын құрылғыларды жаңалауға мүмкіндік беретін жоба дайындау керектігін, ол үшін жергілікті әкімдік пен экология және табиғи ресурстар министрлігі нақты жұмыс жоспарын пысқау қажет екендігін айтты.

Еңбекшіқазақ ауданында тау туризмін дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар. Мысалы, Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің тау кластері. Табиғатты тамашалауға мұнда ел ішіндегі алыс-жақын қалалардан ғана емес, шетелден де ағылып жатқан адамдар көп. Осы орайда олардың қауіпсізідігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымның қажет екені сөзсіз. Осыған орай, Есік көлінің аумағында биодәретханаларды, жеке гигиена пункттерін, қоқыс жинағыштар мен қоқыс жәшіктерін, көрнекі ақпараттық стендтер мен нұсқаулықтар орнату, телефон және интернет мәселесін пысықтау, сондай-ақ туристердің демалыс объектілерін абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл қадам өз кезегінде, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аудан экономикасының өркендеуіне  оң әсерін тигізетіні анық.

Есік көлінде туризмді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Сенат депутаты тиісті мәселердің оң шешім табуына ықпал ететіндігін айтты.

Сенат депутаты тамшылатып суару жүйесі бойынша 100 га алқапқа бау-бақша өсіретін «Unifruit» ЖШС-не ат басын бұрды. Серіктестік басшысы өз өнімімен таныстырып, толыққанды жұмыс істеу үшін  халық қалаулысына  газ мәселесін шешіп беруге  көмек көрсетуді өтінді. Кәсіпорын көгілдір отынмен қамтылса, еңбек өнімділігі арта түспек. Бұл сөз жоқ ауыл әлеуетін арттыратыны шындық.

Мемлекеттің қолдауына ие болған шаруашылықтың бірі – FROSCO ЖШС-і - көкөніс пен жеміс-жидектерді өңдеп, кейін дайын өнімді тоңазытып, қатыратын кешен бір айда 800-1000 тоннаға дейін өнім өңдей алады.

Сапар қорытындысы бойынша халық қалаулысы Еңбекшіқазақ  ауданының шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

Бөлісу