Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембинов Алматы облысы Жамбыл ауданына арнайы іссапармен барды

04.01.2024 156

Сенат депутаты бірінші кезекте  аудандық мәслихат депутаттарымен, шаруа қожалық жетекшілерімен  кездесіп, аумақты дамыту бойынша  маңызды мәселелер, соның ішінде жер, су, өндірістік кәсіпорындар ашу, ауылшаруашылық секторды дамытып, жаңа жұмыс орындар ашу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Сенатор С. Дүйсембинов  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйекте   Қазақстан Халқына жасаған Жолдауында «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек»- деген сөздерін ауданның агроөнеркәсіп саласының қызметкерлеріне еске сала отырып, ауыл шаруашылығы саласында болып жатқан оң өзгерістер мен жаңа технологияларды барынша пайдалану, өндірілген өнімді нарыққа шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану, ең бастысы отандық  сапалы өнім шығару бағытында аянбай еңбек етуге шақырды. Аудан басшыларына осы бағытта жұмыс жүргізіп, жұмыс атқаратын кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарға барынша көмек көрсету туралы нақты айтып өтті.

Бөлісу