Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

22.11.2023 161

 

            «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 9 маусымда бекітілген № 597 Жарлығын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 28 сәуірде ҚР Үкіметінің № 258 қаулысымен қабылданған Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарының 5-тармағында қоғамдық бірлестіктердің қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылған (оларды құру және қызметін ұйымдастыру жөніндегі рәсімдерді ырықтандыру).

            1. Отандық заңнама

            Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. (ҚР Конституциясының 23-бабының 1-тармағы)

            Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. (ҚР Конституциясының 29-бабының 1-тармағы)

            Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендірілген құралымдар, діни негіздегі партиялар, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтары, азаматтардың денсаулығы мен адамгершілік негіздеріне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестіктер (бқдан әрі - ҚБ), сонымен қатар тіркелмеген ҚБ қызметіне жол берілмейді. («Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚРЗ 5-бабы)

            ҚР Конституциясы бірлесу бостандығын адамдардың саны жағынан шектемейді.

            «Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.» Республикалық ҚБ мәртебесін алу үшін облыстардың жартысынан астамының аумағында филиалдары болуы қажет. (аймақтық ҚБ үшін облыстардың жартысынан азының аумағында). («Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚРЗ 7-бабы)                                                                                                  Құрылтайшыларының санын 3 адамға дейін қысқарту бір өңірде жұмыс істейтін жергілікті бірлестіктерге бағытталған, алайда республикалық және аймақтық ҚБ тіркеуге қою үшін қойылатын қалған талаптарды жоймайды.

            Сонымен қоса саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер сияқты ҚБ-ің қызметі қосымша талаптарды көздейтін жекелеген бейінді заңдармен реттеледі.

            «Бастауыш кәсіподақ ұйымы кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады....» («Кәсiптiк одақтар туралы» ҚРЗ 15-бабының 1-тармағы)

            Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптарына сәйкес Қаулы және Заң жобасы келісудің тиісті процессін өткенін атап кеткен жөн.

            2. Халықаралық нормалар

            «Әрбір адамның басқалармен бірiгiп қауымдастықтар құру бостандығына оның iшiнде кәсiподақтарды құрып оларға өз мүдделерiн қорғау мақсатымен кiруге құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану демократиялық қоғамның мемлекеттік немесе қоғамдық қауiпсіздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген, шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес.» (1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнің 22-бабы)

            «Жұмысшылар мен кәсіпкерлердің қандай да болсын айырмашылықсыз өз таңдауымен оған алдын-ала рұқсат алмай-ақ ұйым құруға, сондай-ақ жалғыз-ақ осы ақырғылардың жарғыларына бағыну шартында осындай ұйымдарға кіруге құқықтары бар.» (Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөніндегі 1948 жылғы Конвенциянының 2-бабы)

            «Мемлекеттік өкімет қандай да болсын, бұл құқықты шектейтін қол сұғушылыққа немесе оның заңды жүзеге асуына кедергі жасаудан тартынады.» (Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөніндегі 1948 жылғы Конвенциянының 3-бабының 2-тармағы)

            Қазақстан бекітілген халықаралық актілер де бірігу бостандығын саны жағынан шектемейді.

            3. Халықаралық тәжірибе

            АҚШ-та коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу процесі тек хабарлама ретінде жүзеге асырылады.

            Ресей Федерациясында азаматтар құрған қоғамдық бірлестіктер заңды тұлға ретінде тіркеліп осыған байланысты тиісті құқықтарға иелене алады немесе мемлекеттік тіркеуден өтпей заңды тұлғаның құқықтырын қабылдамай-ақ жұмыс істей алады. («Қоғамдық бірлестіктер туралы» РФ заңының 3-бабы)

            Үш адамнан тұратын қоғамдық бірлестік құру құқығы Чехия, Хорватия, Болгария және Литвада берілген.

            Шет елдерде үш адамнан тұратын қоғамдық бірлестік құру тәжірибесі бар, ал кейбірінде тіркеу процесі жеңілдетілген.

            Сонымен қоса, 2023 жылғы 16 маусымда № 01-1-2-04/3364-И хатпен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған  «Кәсiптiк одақтар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына (2023 жылғы 12 мамырдағы № 16-04/2115 зп) қорытындыны АҚДМ-ге келісу үшін жолдады.  

            Қорытындыға сәйкес депутаттар кәсіподақ құру үшін қажетті адам санын 10-нан 3-ке дейін қысқартуды ұсынып отыр.

            ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңына енгізіліп жатқан өзгерістерге сілтеме жасай отырып, қоғамдық бірлестікті құру үшін азаматтардың санын қысқарту бөлігінде енгізіліп жатқан норманы қолдайтынын хабарлады. Сонымен бірге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттардың ұсынысын «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың шеңберінде қарауды ұсынады.

            Жалпы, бұл норманы қабылдау қолданыстағы заңнаманы ҚР Конституциясы мен халықаралық құқықтық актілердің талаптарына сәйкестендіруге ықпал етеді, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің мұшелерінің санын реттеудегі формализмді жояды және үкіметтік емес секторды дамыту тұрғысынан Қазақстанның халықаралық имиджін жақсартады.

Бөлісу